Павлодар облысында екі балықшы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

© Photo : ДЧС СКОРека Есиль в Северном Казахстане
Река Есиль в Северном Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
Бес күн бұрын ер адамдар балық аулауға шығып, қайтып оралмаған, ал кеше олардың бірінің көлігі табылды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Екібастұз маңындағы шағын көлде балық аулауға кеткен екі дос түсініксіз жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлады Екібастұздағы VITA жасағының іздеушілері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еріктілердің айтуынша, 5 қазанда екі ер адам Екібастұзға жақын орналасқан Құтаяқсор көліне балық аулауға кеткен. Күні кеше олардың бірінің көлігі табылды.
Іздеушілер еш жерде резеңке қайық пен құтқару кеудешелері болмағанын атап өтті. Ал егер қайғылы оқиға болды деген нұсқаны қарастырар болса, көл шағын болғандықтан құтқарушылар немесе еріктілер балықшылардың жабдықтарын әлдеқашан тауып алар еді.
"Адамдар соншалық қатыгез болып кеткен бе? Қайғылы жағдай болды деп ойламай, қайыққа отырып, ешкімге айтпай кетіп қалды ма?" – дейді еріктілер.
Екібастұздық еріктілерге павлодарлық әріптестері өздерінің қайықтарымен көмекке келді. Оқиға орнында құтқарушылар мен полицейлер де жұмыс істеп жатыр.
Жоғалғандардың туыстары мен достары да іздеуге атсалысып жатқанымен, әзірге нәтиже жоқ.
Жаңалықтар
0