ТМД-да 2025 жыл Ұлы Жеңіс жылы деп жарияланды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматинской областиЖеңіс күні
Жеңіс күні - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД президенттері 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы жылы деп жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ТМД мемлекет басшылары достастықтағы жылдарды қандай да бір бағытқа арнау мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
"2024 жылды Еріктілер қозғалысы жылы, 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – Нацизммен күрес бойынша Бейбітшілік және бірлік жылы, ал 2026 жылды Денсаулықты сақтау жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды", - деді Тілеуберді ТМД саммитінен кейін өткен брифингте.
Сондай-ақ дәстүр бойынша ТМД мемлекет басшылары кеңесі ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленетін қаланы анықтады.
Ресейдің ұсынысымен және басқа мемлекеттердің қолдауымен 2023 жылы ТМД мәдени астанасы болып Санкт-Петербург қаласы жарияланды.
Жаңалықтар
0