ТМД-ның келесі саммиті 2023 жылы Бішкекте өтеді

© Пресс-служба президента Казахстана Саммит глав стран СНГ в Астане, 14 октября 2022 года

Саммит глав стран СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің келесі саммиті 2023 жылы 13 қазанда өтеді. Бұл туралы ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл ТМД-ға Қазақстан төрағалық етіп жатыр. Келесі жылы төрағалық Қырғызстанға өтеді.
"ТМД-дағы төрағалық мәселесі қаралды. Делегациялар басшылары достастықтағы төрағалық 2023 жылы Қырғызстанға өтетіні туралы шешім қабылдады. Ал Қазақстан мен Ресей төрағалықты қоса атқарушы болады", - деді Лебедев Астанада өтіп жатқан ТМД мемлекет басшылары саммиті барысында.
Сондай-ақ Қырғызстанның ұсынысымен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте өткізу туралы шешім қабылданды.
Айта кетері, мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедевтің өкілеттігі тағы үш жылға ұзартылды.
Жаңалықтар
0