16 жастағы Арина Гладышева жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

© Sputnik / Михаил Киреев / Медиабанкке өтуКазахстанский болельщик
Казахстанский болельщик - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ,16 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан жеңіл атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Арина Гладышева Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.
Арина Гладышева 3000 метр қашықтықта барлық қарсыластарын басып озды. Осылайша, өскемендік 16 жасар жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Азия чемпионатының алтынын салды.
Бұған дейін Сабина Арзиева осы жарыстардың құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілген болатын. Ол 5000 метрге жаяу жүруде үздіктердің бірі болды.
Сондай-ақ Азия біріншілігінде 400 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандық Анастасия Колода күміс медальді жеңіп алды Уголовное дело
Жаңалықтар
0