Әртіс цирк өнерінің қызығы мен шыжығы жайлы: біздің өмірімізді сақтандыру өте қымбат

© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алындыЦирк әртістері
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Жазылу
Цирк әртісі Әділет Тиканов 10 жылдан бері Еуропа және Алматы цирктерінде жұмыс істейді. Халықаралық цирк фестивальдерінде алтын, күміс, қола, гран-при иегері атанды
Ол өмір жолы, цирктегі міндеті, мамандықтың қиындығы мен қызығы туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Әділет Тиканов 1991жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Бала күнінен биге әуес болған.
© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алындыӘртіс бала күнінде бимен айналысқан
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Әртіс бала күнінде бимен айналысқан
"Бала күнімде биден жарыс болды. Жан-жақтан неше түрлі топтар келді. Сол кезде биін көріп, таңғалдық. Өзімнің би тобымдағы балалармен циркке барамыз деп шештік. Цирк әртісі болу үшін оқуға грантқа түстім",- дейді Әділет.
Оның нағашысы құқыққорғау саласында қызмет етеді. Ол кісі Әділетті өзінің жолын қуып, полицей болғанын қалаған. Алайда бала арманы басқа еді.
"Би тобын бірге құрған достарыммен бірге цирк әртісі болдық, бірге жұмыс істедік. Бір ауылда көрші тұрамыз. Достарымызбен бүкіл Еуропаны шарладық. Қаншама фестивальге қатыстық. Мамандығымыздың арқасында талай жақсылықты көрдік",-дейді әртіс.
© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алынды"Достарымызбен бүкіл Еуропаны шарладық"
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
"Достарымызбен бүкіл Еуропаны шарладық"
Әділеттің жары да цирк әртісі. Қайда жүрсе де жұбайлар бірге барып, бірге өнер көрсетеді. Қазір кішкентай ұлдары әке-шешенің жолын қуып, гимнастикамен шұғылданады. Әділет өз мамандығының қауіпті екенін де айтады.
"Мамандығымыз қауіпті. Біз Еуропаға гастрольге барарда сақтандыру жасатамыз. Оның құны да қымбат. Өйткені тәуекелі тым жоғары мамандық болып есептеледі. Қанша қауіпті болса да, мамандығым өзіме ұнайды. Мен өз ісімнің фанатымын. Біздің жұмыс жер бетіндегі ең керемет жұмыс деп есептеймін. Қазақстанда төрт-ақ цирк бар. Бір Қазақстанға кемінде 20 цирк керек", - дейді әртіс.
© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алындыӘділеттің жары да цирк әртісі
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Әділеттің жары да цирк әртісі
Италияда 370 цирк бар екен. Ал Қазақстан үшін 4 цирк деген тым аз. Бұл сала мамандарын қынжылтатын дүние. Цирк саны шешілмей тұрған жалғыз мәселе емес.
"Цирк әртістерінің зейнет жасын дұрыс ойластырмаған. Біз қауіпті жұмыс істейміз, екіншіден акробатпыз. Біздің жаттықтырушылар кезінде 15 жыл еңбек еткен соң зейнетке шыққан. 63 жастағы акробат ер адамды немесе 61 жасында гимнастика қимылын жасап жүрген әйелді елестетіп көріңізші", - дейді ол.
© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алынды"Қазақстан үшін 4 цирк деген тым аз"
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
"Қазақстан үшін 4 цирк деген тым аз"
Әділет тіл білмеген адам көп қиындыққа тап болатынын айтады.
"Францияға бардық. Не ағылшын, не француз тілін білмейміз. Стюардесса келіп бір нәрсе сұрап жатыр. Біз түк түсінбейміз. "Жоқ" деп басымызды шайқап қоямыз. Тіпті су да ішпей аш қалған кезіміз болған. Содан бері тіл үйрене бастадық", - дейді Әділет.
© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алындыӘділет тіл білмеген адам көп қиындыққа тап болатынын айтады
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Әділет тіл білмеген адам көп қиындыққа тап болатынын айтады
Цирк әртісінің салмағы әйел үшін 45-52 келі, ал ер адам үшін 50-65 арасында ғана болуы керек. Әртістер үнемі жаттығу жасайтынын айтады.
Әділеттің айтуынша, цирк әртісі болғысы келетін талантты жастар өте көп. Сол мамандық жолында білім алып жатқандар қаншама. Бірақ олардың барлығын 4 циркке жұмысқа алу әсте мүмкін емес. "Қанаты бар" әртіс Әділет Тикановқа және барлық цирк әртісіне табыс тілеп, қош айтыстық. Кез келген мамандық сүйіп істегенде ғана керемет!
© Photo : Әділет Тикановтың жеке архивінен алындыЦирк әртісі болғысы келетін талантты жастар өте көп
Цирк әртістері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Цирк әртісі болғысы келетін талантты жастар өте көп
Жаңалықтар
0