Димаш Малайзияда жеке концертін береді

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
Билет бірнеше күннен кейін сатылымға шығарылады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Малайзия астанасында жеке концерт беретінін хабарлады.
19 қарашада өтетін концерттің афишасын әртіс әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өзінің STRANGER атты жеке концертін береді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, бұл концертке билет 21 қазандасатыла бастайды.
Осы жылдың қыркүйек айында Димаш Алматыда алғашқы жеке концертін берді, оған 30 мыңнан астам тыңдарман келді.
Димаш Алматыда алғашқы жеке концерт берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2022
Мәдениет
30 мың көрермен: Димаш Құдайберген Алматыда алғашқы жеке концертін берді
Жаңалықтар
0