Кувейт астанасынан Түркістанға жаңа рейс ашылады

© Pixabay / Wil SerranoҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қараша - Sputnik. Кувейттің "Jazeera Airways" лоукостері 3 желтоқсаннан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша әуе рейсін ашады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Келісімге Қазақстан мен Кувейттің авиациялық билігі қол қойды. Әуе рейсі аптасына екі рет сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесімен орындалады.
Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ықпал етеді.
FlyArystan - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Ақтөбеден Дубайға алғашқы рейс орындалды
Жаңалықтар
0