Қандай тағамдар күйзелісті төмендетеді

© Pixabay / ulleoСавоя қырыққабаты
Савоя қырыққабаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ғалымдар күйзелісті төмендететін тағамдарды атады. Molecular Psychiatry журналында ферменттелген тағамдарға бай диета психикамен байланысты проблеманы азайтуға көмектесетіні туралы зерттеу жарияланды.
Мамандар 18 бен 59 жас аралығындағы 45 еріктіні екі топқа бөліп, өздері ойлап тапқан диетаны бір ай бойы ұстауды ұсынған.
Бірінші топтағылар күн сайын 6-8 порция пребиотикалық талшықтарға бай жемістер мен көкөністерді (пияз, қырыққабат, алма, банан және сұлы жармасы), аптасына 5-8 порция дәнді және 3-4 порция бұршақты дақылдарды тұтынды. Сондай-ақ диетаға 2-3 порция ферменттелген тағамдар (ашытылған қырыққабат, айран, шай саңырауқұлағы) қосылды. Екінші топтағы еріктілерге дұрыс тамақтану пирамидасына негізделген жалпы ұсынымдар ғана берілді.
Нәтижесінде бірінші топтағылар күйзеліске аз ұшырады. Бұл диетаның қатаңдығы мен күйзеліс деңгейі арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті.
Екі топта да ұйқы сапасы жақсарды, дегенмен пребиотикалық диетаны ұстағандардың жағдайы көбірек жақсарды.
Авторлар белгілі бір диета стресс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада психикалық денсаулықты қорғауға көмектесетініне сенімді.
Жаңалықтар
0