Өңірлер

Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті, қозғалыс уақытша тоқтатылды

© АО "НК "ҚТЖ"Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында Қарабас өткелінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай болған учаскеде пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясы.
Оқиға 17 қараша сағат 06:15-те болған.
"Қарағанды-Сұрыптау – Ақадыр учаскесінің Қарабас – ОП 767 өткелінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының жолдан шығуына жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың ақауы себеп болған.
Қазір аталған учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін "ҚТЖ" компаниясында арнайы комиссия құрылды.
Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0