Өңірлер

Петропавлда жаңа қазақ театры ашылды

© Мәдениет және спорт министрлігіПетропавлда қазақ театры ашылды
Петропавлда қазақ театры ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалы-драма театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
"Барша қызылжарлықтар үшін айтулы оқиға – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тарихи сәт еліміздегі театр өнерінің жылнамасына енеді. Ширек ғасырға жуық тарихы бар Сәбит Мұқанов атындағы қазақ театрның киелі сахнасында 100-ден астам драмалық шығармалар қойылып, көрерменнің көзайымына айналды. Ұжым шығармашылық ізденістің арқасында республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде талай биіктерді бағындырды", - деп жазылған президенттің құттықтау хатында.
Жаңалықтар
0