Павлодарда балықшы суға батып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі, архивтегі фото
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 20 қараша – Sputnik. Павлодарда Усолка өзеніне қарт адам батып кетті, деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Балықшы жағадан бірнеше метр жерде жұқа мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, "жедел жәрдем" шақырған.
"Усолка өзеніне батып кеткен ер адам туралы қоңырау сағат 09.00-де түсті. Оқиға болған жерге бірінші санаттағы шұғыл бригада жөнелтілді, олар үш минутта жетті", - делінген дәрігерлердің хабарламасында.
Алайда, соған қарамастан, дәрігерлер 60 жастағы ер адамды аман алып қала алмады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Солтүстік Қазақстанда үш апта бұрын жоғалған балықшының денесі табылды
Жаңалықтар
0