Қазақстан жолдарында көліктің салмағы мен көлемін өлшеу автоматтандырылады

Жазылу
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Қазақстанның жолдарында көліктердің салмағы мен сыртқы көлемі автоматтандырылған стансалар арқылы өлшенеді.
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев сенат отырысында айтты.
"Автокөлікпен жүктерді көп тасымалданатындықтан жолдар уақытынан бұрын бұзылып жатыр. Осыған байланысты жолдарда көлік құралдарының салмағын, көлемін өлшейтін автоматтандырылған стансаларды орнату жоспарланып отыр.Көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша заң жобасында өлшеу стансаларын орнату және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормалар қарастырылған. Бұл орайда аталған стансалар "Сергек" бейнебақылау жүйесі сияқты адамның көмегінсіз жұмыс істейді", - деді министр.
Бұл шараларды іске асыру автожолдардың сапасын ұзақ сақтауға, сонымен бірге жолдардағы бақылау процесіндегі адами факторды болдырмауға септеседі.
Жаңалықтар
0