Аяз шығысқа қарай ығысады: үш күнге ауа райы болжамы

© Sputnik / Абзал КалиевСиница взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена
Синица взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Аптаның ортасына дейін еліміздің шығысы суық Солтүстік антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты өңірде аяз сақталады.
Қазақстанның басқа аумағында аяз бәсеңдейді деп болжанып отыр. 30 қарашада және 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде Оңтүстік циклон жүріп, жауын-шашын, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр мен қарға және ауа температурасының жоғарылауына ықпал етеді.
Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын соғады.
Ауа температурасы түнде республиканың батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батысында 10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз, орталығында 5-20 градус аяз, шығысында 33-43 градус аяз, кезең соңында 20-30 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 7 градус аяз және 3 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-15 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды.
Жаңалықтар
0