Балқаш өңірі Амур жолбарыстарын қабылдауға дайын ба – фото

© РИА Новости / Медиабанкке өтуАмур жолбарысы
Амур жолбарысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
Балқаш маңында жолбарыстарды реинтродукциялауға белсенді дайындық жүріп жатыр. Жолақты жыртқыштар мұнда 2025 жылдың соңына дейін әкелінеді
АЛМАТЫ, 29 қараша - Sputnik. 2025 жылы алғашқы Амур жолбарыстары әкелінетін Іле-Балқаш резерватында мамандар жыртқыштарға жем-шөп базасын дайындап жатыр. Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қызметкерлерімен бірлесіп, Балқаш маңында жолбарыстарды реинтродукциялауға белсенді дайындық жүргізуде. Жолақты жыртқыштар мұнда 2025 жылдың соңына дейін әкелінеді.

Сөзден іске көшкенге дейін

Оңтүстік Балқашта қараша айының соңы қытымыр уақыт. Алматыдан 500-600 шақырым қашықтықта орналасқанына қарамастан, мұнда ауа температурасы 20 цельсиге дейін төмендеп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғып тұрады.
Мұрағат мәліметтеріне сәйкес, жолбарыстар 1948 жылы жойылып кеткен. Жолбарыстар популяциясын Қазақстанда, әсіресе Балқаш өңірінде, қайта жандандыру туралы ұсыныс 2010 жылы жолбарысты сақтауға байланысты проблемалар жөніндегі бірінші халықаралық форумда айтылған. Дәл сол кезде біздің ел жабайы аңды өз табиғатымызға қайтаруға дайын екенін жариялады.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Batyrshin TimurБалқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Балқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
Ұсыныстан нақты әрекетке дейін жеті жыл өтті. "Реинтродукция бағдарламасы дайындалып, 2017 жылдан бастап меморандумға қол қойылғаннан кейін оны іске асыру жұмыстары басталды. Ол 35 жылға есептелген. 2018 жылдан 2024 жылға дейін экожүйені қалпына келтіруге жүргізіледі, оның ішінде аумақты дайындау, тұяқты жануарлар санын көбейту көзделген. Бұхара бұғысын, құланды қайта жерсіндіру қолға алынады. Тиісінше, 2025 жылы біз жолбарысты әкелуге дайын боламыз деп жоспарладық", - дейді дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.
© Sputnik/Ертай СарбасовВ Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров

Экожүйе, браконьерлер, азық...

Жолбарыс Қазақстан жерінде өзін жайлы сезінуі үшін Балқаш өңірінің экожүйесін қалпына келтіру оңай шаруа емес. Ең алдымен, жолбарыс өмір сүруі үшін көп тамақтану керек. Бұл дегеніміз, толыққанды жем базасын құру. Мамандардың айтуынша, Іле-Балқаш резерватының жергілікті аңшылар мен браконьерлерден қашықта болуы – үлкен артықшылық.
Өйткені жолбарысты аңшының қақпанынан сақтау керек. Мұнда әлі де жабайы қабандар мен еліктер аз емес. Бірақ бұл жолбарыстың өз тамағын оңай табуы үшін жеткіліксіз. Сол себепті Бұхара бұғылары мен құландардың популяциясын осы жерлерге қайтару туралы шешім қабылданды. Кезінде мұнда түз тағылары көптеп өмір сүрген. Бірақ аңшылар оларды жойып жіберген.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Batyrshin TimurБалқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Балқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
"Тұяқтылар жолбарыс үшін азық-түлік базасы ғана емес екенін түсіну маңызды. Шын мәнінде, жолбарысты қайтару мүддесі үшін әрекет ете отырып, біз бір кездері осында өмір сүрген, өкінішке орай жойылып кеткен Балқаш маңындағы аң түрлерін жабайы табиғатқа оралтамыз. Бұл жер Бұхара бұғысы мен құландардың талай жыл, ғасыр бұрын тұяқтары тиген жер", - деп атап өтті дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қызметкерлері.
Sputnik Қазақстан тілшілері Балқаш өңіріне сапары кезінде резерватқа тұяқтылардың қалай жеткізілгенін байқап үлгерді: мұнда Бұхараның бес жас бұғысы әкелінді. Олар шексіз далада туыстарына алты айдан кейін қосылады, бұл кезде жануарлар жаңа мекендейтін жерге толығымен бейімделеді. Қазіргі уақытта Іле-Балқаш резерватында 158 Бұхара бұғысы бар.
© Sputnik/Ертай СарбасовБалқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Балқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
"Біздің инспекторлар оларды үнемі бақылап отырады. Есеп тұрақты жүргізіледі. Ол үшін арнайы дрондар бар. Браконьерлер мұнда келмейді. Сіз қазір біздің барлық жерде кордондар бар екенін және біздің инспекторларымыздың сол жерде екенін көрген шығарсыз. Олар екі адамнан тұрады. Біздің мекеме арнайы көлікпен қамтамасыз етілген. Олар патрульдеуде, сонымен қатар жұмыс тобы да бар", - дейді Іле-Балқаш резерваты "Іле өзенінің атырауы" филиалының директоры Нұржан Октябиров.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Batyrshin TimurБалқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Балқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
Оның айтуынша, осы қыста Бұхара бұғысының тағы 60-тан астамы қорыққа жеткізіледі. Жануарлар өте жақсы бейімделеді және қазірдің өзінде төлдеуге дайын.
"Біздің климатымызға келетін болсақ, Бұхара бұғылары үшін бұл қалыпты. Олар тіршілік еткен бұрынғы климаттан ешқандай айырмашылығы жоқ: температура да екі-үш градустан аспайды. Бұғылар үшін бұл маңызды емес. Жердің флорасы мен рельефінде де ешқандай айырмашылық жоқ", - дейді Октябиров.
Іле-Балқаш резерватында құландар да жақсы бейімделді. Әзірге ұяң жануарлардың елу шақтысы 22 гектар аумақта мекендеп жүр. Аумақ өте үлкен болғандықтан, оларды алыстан бақылау үшін шыдамдылық пен үлкен сақтық қажет.
"2022 жылы 50-ден астам құлан жеткізілді. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады. Алтын Емел ұлттық паркінен мал басын 200-ге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз", - дейді Қазақстанның экология геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.

Жобаның қауіп-қатері де жоқ емес

Жолбарыс Қазақстанның жабайы табиғатына оралғанға дейін тағы бірнеше жыл бар. Әлі де көптеген мақсатты, күрделі және жоспарлы жұмыстар күтіп тұрғанына қарамастан, жоба өзінің мәресіне жетті деуге болады. 2023 жылдың басында қазақстандық мамандар Қиыр Шығыстағы ресейлік әріптестеріне баруға ниетті, олар жолбарысты реинтродукциялаудың ең озық әдістерімен бөлісуге дайын.
"Биыл Владивосток қаласындағы форумда Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ресей табиғат және экология министрлігі арасында жолбарысты реинтродукциялау жөніндегі өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Бірінші қадам 2023 жылдың бірінші тоқсанында жасалады, тәжірибені зерттеу үшін Ресейге мамандар жіберу жоспарланып отыр. 2025 жылы Қазақстан аумағында алғашқы жолбарыстар пайда болады деген болжам бар", - дейді Данияр Тұрғамбаев.
© Sputnik/Ертай СарбасовБалқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Балқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
Әріптестер арасындағы мұндай қарым-қатынастың пайдасы зор екенін дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мамандары да атап өтеді.
"Ресейде реинтродукцияның үлкен тәжірибесі бар. Соңғы 10 жылда Амур аймағында жолбарыстың тұрақты популяциясы құрылды, Еврей автономиялық аймағында тұрақты популяция құрыла бастады. Сондықтан біз ресейлік әріптестер Қазақстанға жақсы жолбарыстар береді деп сенеміз, соның арқасында амурлықтар Тұран жолбарыстарына айнала алады", - дейді WWF өкілі Григорий Мазманянц.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Batyrshin TimurБалқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
В Прибалхашье готовятся к приему первых амурских тигров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Балқаш маңында Амур жолбарыстарын қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр
Дегенмен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандарын алаңдататын мәселе жоқ емес және жолбарыстар табиғатқа оралғанға дейін оны шешу керек. Олай болмаған жағдайда бүкіл Орталық Азиядағы жалғыз және бірегей жоба сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.
"Тәуекелдер бар. Ең алдымен, бұл браконьерлік. Бұл үшін мұнда 94 адам жұмыс істейтін ерекше қорғалатын аймақ жасалды. Тұрақты күзет жүргізіледі. Екіншісі - өрт. Мұнда қамыс, тоғай қалың. Бізде өрт қаупі өте жоғары. Сондықтан мұндай фактілер болмауы үшін қазір біз жергілікті тұрғындармен жұмыс істейміз. Үшіншісі, әрине, ветеринария бойынша қауіптер бар. Бірақ олар жолбарыстарды әкелмей тұрып, алдын ала бәрі зерттеліп, жойылады деп үміттенеміз", - деп қорытындылады сөзін Данияр Тұрғамбаев.
Sputnik Қазақстан – Қазақстанда жолбарыстарды реинтродукциялау жобасының ақпараттық серіктесі.
Жаңалықтар
0