Өңірлер

Жамбыл облысында өрттен екі кішкентай бала қаза болды

© Photo : ПС ДЧС СКОАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жер үйдегі өрт салдарынан бес және екі жасар екі бала көз жұмды.
Қайғылы оқиға сенбіге қараған түні Шу қаласында болды. Жер үйлердің бірініне өрт шыққан. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23:55-те басталған өрт кезінде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған.
"Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" ММ-нің күшімен (4 қызметкер мен 1 техника) өрт сағат 00:10-да оқшауланып, 00:35-те ауыздықталды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнынан 2017 және 2020 жылы туған балалардың мәйіті табылды.
Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1989 жылғы келіншек екі және бес жасар балаларын үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып кетіп қалған.
Бұл факті бойынша Шу ауданы полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлімі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0