Бұқтырмада көлік мұздың астына түсіп кетті – әйел салоннан шығып үлгермеді

архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жұқа мұзбен жүрген көлік суға түсіп, батып кетті. Салонда бес адам болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында болған. Жеңіл көлік мінген адамдар кешкі уақытта "Қызыл ту" өткелі маңында Бұқтырманы кесіп өтпекші болған. Бірақ жұқа мұз жарылып кетті. Салонда бес адам болған. 72 жастағы әйел көліктен шығып үлгермеді.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар депаратментінің жеке құрамы барды. Көлік батып кеткен жерде мұзға шығуға тыйым салатын белгі тұр.
"Төтенше жағдайлар қызметтері үнемі ескерту жасап отырады. Қайғылы оқиғалар жайында материалдар да жарияланады. Соған қарамастан, адамдар қауіпсіздік шараларын елемей, мұзға шығып кетеді", - дейді құтқарушылар.
Облыста ауа температурасы күн сайын төмендеп келеді. Мұз да қатқан болып көрінеді. Оны көрген адамдар алданып қалады. Сондықтан мұзға шығуға да, көлікпен жүруге де болмайды. Мұздың қалыңдығы бір қалыпты емес.
Жеңіл көліктер үшін 30 см, ал жүк көліктер үшін мұздың қалыңдығы 70 сантиметрден жоғары болуы қажет. Төтенше жағдайлар департаменті мұз өткелдерінің дайын болғанда ресми түрде көлікпен жүруге рұқсат береді.
Жаңалықтар
0