Шымкентте ауаға оқ атқан үш жүргізуші жауапқа тартылды

© AP Photo / Rogelio V. SolisВыстрел из пистолета
Выстрел из пистолета - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде мегаполис көшелерінің бірінде үш бірдей Toyota Camry 70 автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, тапаншамен ауаға оқ атқан видеосын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңды бұзғандар жергілікті тұрғындар болып шықты. Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары үш бап бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ Toyota Camry 70 көлігінің үшеуі де айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Полицейлер жүргізушілердің бірінен ПМ тапаншасын тәркіледі.
Сондай-ақ ер адам бұрын дүкеннен тапанша сатып алғаны анықталды, бірақ ол полицияға тіркелмеген. Оған қатысты полицейлер қосымша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізді.
Жаңалықтар
0