Қостанайдағы құс фабрикасы бағаны қымбаттатты деген күдікке ілінді

© Sputnik / Медиабанкке өтуЯйца. Архивное фото
Яйца. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. Қостанайдағы құс фабрикасы жұмыртқаны қымбаттатты деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті кәсіпорынға қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады "Хабар 24".
Бұған нарық субъектілерінің әрекеттері негіз болды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша заңға бұзушылықтар анықталды.
Күзде өңірдегі тұтынушылар бағаның қымбаттауына шағымдана бастады. Кейбір дүкендерде жұмыртқа бөлшектеп сатыла бастады, бір жұмыртқа 80 теңгеден сатылған жағдайлар да тіркелген.
"Тергеу нәтижесі туралы айтуға әлі ерте. Бірақ қазірдің өзінде бұл субъекті бәсекелестермен салыстырғанда қыркүйек-қазан айларында жоғары баға қойғанын көріп отырмыз. Егер бұл расталса, онда ең алдымен монополиялық кірісті тәркілеумен 3-тен 5 пайызға дейін айыппұл салынады", - деді Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дастан Сәмен.
3 қарашада Қазақстанда нарық субъектілері жекелеген тауар түрлері, атап айтқанда, жұмыртқа, өсімдік майы, күріш бағасын негізсіз қымбаттатқаны хабарланды. Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Абай ауданында Семейден 200 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары он дана жұмыртқаны 360-380 теңгеден, ал ақырғы сатылым бағасы 600 теңгеден сатылған факті анықталды.
Жаңалықтар
0