Жыл басынан бері 18 мыңға тарта этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылдың басынан бері 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 17 888 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 105,7 мың этникалық қазақ оралды", - деп жазылған хабарламада.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түрікменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден.
Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды.
Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,9%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 38,9%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Қоғам
Енді қандас мәртебесін eGov.kz порталы арқылы алуға болады
Жаңалықтар
0