"Көшпенді садағы" коллекциялық монеталары айналымға шықты

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банк.
KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана.
© Ұлттық банкKÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары
KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары
Монета реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі орналасқан. Ал, жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген. Аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Бұл – қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді.
© Ұлттық банкKÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары
KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары
Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монета номиналының, дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан.
Монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБК сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады. Сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша жарияланады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аударуға және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті.
Жаңалықтар
0