Саясат

ТМД елдерінің бейресми саммитіне қатысушылар жылды қорытындылады

© Sputnik / Владислав ВодневТМД елдерінің тулары
ТМД елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Жазылу
СТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдерінің мемлекет басшыларын бейресми саммитте 2022 жылғы жұмысты қорытындылауға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен бүгін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 2022 жылғы жұмысын бірге қорытындылауды, болашаққа арналған жоспар туралы сөйлесуді және өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі баршамызды толғандыратын мәселелерді талқылауды ұсынамын", - деді Ресей президенті.

Оның айтуынша, көшбасшылардың кезекті достық кездесуі олардың ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік, өзара тиімділік негізінде және барлық елдің мүдделерін ескере отырып құруға деген ұмтылысын айқын көрсетеді.
Ресей көшбасшысы өтіп жатқан жылы Достастық мүшелерінің табысты өзара іс-қимылын атап өтті.
"Мұны Ресей мен ТМД-ның барлық елдері арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі растайды. Қаңтар-қазан айларында ол 6,6 процентке өсіп, 81,5 миллиард долларды құрады. Бұл биылғы жылдың соңына қарай 100 миллиард долларға жетеді деген болжам бар", - деді Путин.
Ол ТМД аясындағы өзара іс-қимылды тереңдету ұйымға мүше елдердің мүдделеріне жауап береді және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін тиімдірек шешуге көмектеседі деген пікір білдірді.
Сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтады. Путин ТМД елдері биылғы жылы арнайы қызметтер арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болғанын атап өтті.
Сонымен бірге, Ресей президенті халықаралық аренадағы қауіп-қатерлердің күшеюіне тоқталды.
"Өкінішке қарай, Достастыққа мүше мемлекеттер арасында да келіспеушіліктер туындайтынын мойындауымыз керек. Дегенмен, ең бастысы, біз ынтымақтастыққа әркез дайынбыз. Тіпті қандай да бір проблемалық мәселелер туындаса да, біз оларды өзіміз, бірігіп, бір-бірімізге жолдастық көмек көрсетіп шешуге тырысамыз", - деді ол.
Президент қауымдастық мүшелері арасындағы терең байланысқа тоқталды.
"Біздің халқымызды көп нәрсе байланыстырады: ортақ тарих, рухани байланыс, мәдениет пен әдет-ғұрыптың, құндылықтар мен дәстүрлердің терең тоғысуы және біздің көпұлтты мемлекетімізді біріктіретін орыс тілі", - деді Путин.
Ол саммиттердің бірінде Достастық елдерінде 2023 жылы орыс тілі жылын өткізу туралы шешім қабылданғанын еске салды.
Путин, сондай-ақ, ТМД елдерінің көшбасшылары мен халқын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
РФ президенті Ресейдің шақыруымен Санкт-Петербургке келген әріптестеріне алғысын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Тоқаев: Бұл жыл әлем қауымдастығы үшін қиын болды
Жаңалықтар
0