Спорт

"Барыс" хоккейшісі болған Оспанов Канадада жұлдыздар матчына қатысады

© PhotoРахат Оспанов
Рахат Оспанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Жазылу
Осы маусымда Рахат Оспанов CSSHLE U18 лигасында он матч өткізіп, 5 (2+3) ұпай жинады. Ал ECEL U18 лигасында сегіз матчта 6 (2+4) ұпайға ие болды
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық хоккейші Рахат Оспанов ECEL лигасының жұлдыздар матчына қатысады. Жыл сайынғы шара 2023 жылы 6 қаңтарда өтеді.
Рахат Оспанов - "Барыс" хоккей мектебінің шәкірті, Астана қаласының тумасы.
2017/2018 мен 2018/2019 маусымдарда "Барыстың" үздік қорғаушысы болып танылды.
2019-2020 маусымда 17 жастағы хоккейші Канадаға барып, ойнап көрді.
Осы маусымда "Онтарио хоккей академиясы" командасының капитаны болып сайланды.
Қазіргі кезде Оспанов Канаданың ААА лигасында өнер көрсетеді. Бұл лига арқылы Квебектің Жоғары жастар лигасына өтуге болады. Кейін кәсібі деңгейге, Ұлттық хоккей лигасына шығуға мүмкіндік бар.
Хоккей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Спорт
Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды – видео
Жаңалықтар
0