Өңірлер

Қаратауда қатты дауыл көпқабатты үйлердің шатырын қиратты

© Photo : Пресс-служба акима Жамбылской областиЖамбыл облысындағы қатты дауыл салдары
Жамбыл облысындағы қатты дауыл  салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. Жамбыл облысының Талас ауданында қатты дауыл болып, салдарынан Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатыры зақымдалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің хабарлауынша, дауылдан зардап шеккен тұрғын үйлердің саны 7-8-ден асады. Тұрғындар зардап шекпеген.
"Қаратау қаласындағы тұрғын үйлерде жылу, электр энергиясы қалыпты режимде. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ыбырайханов бастаған жедел штаб Талас ауданында дауылдан болған шығынды анықтап жатыр", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жамбыл облысында жолда қалған 110 адам құтқарылды
Жаңалықтар
0