Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПравославные христиане отмечают Рождество 7 января
Православные христиане отмечают Рождество 7 января  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Бүгін - православ христиандарының Рождество мерекесі. Қазақстанда бұл күн мемлекеттік мейрамдар тізіміне кіреді. Сол себепті ресми түрде демалыс болып саналады. Бірақ биыл Рождество сенбіге түсіп тұр.

Рождество мерекесінің тарихы

Рождество – Иса пайғамбардың (Иисус Христос) туған күні. Інжіл бойынша бұл күні Вифлеем қалашығында "Құдайдың ұлы" Иисус Христос дүниеге келген.
Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-ынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Сол түні Вифлеемде өмірге келген барлық нәресте Ирод патшаның бұйрығымен өлтірілді. Бірақ Иисус жарық дүние есігін ашты. Ол туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болады.
Сол себепті осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді.
Христиан шіркеуі Митра Рождество мерекесін 4-ғасырдың ортасында "Күн құдайы" сенімін ығыстыру үшін енгізді. Рим халқы алғашқылардың бірі болып Рождествоны тойлаған. Олар үшін бұл мейрам Жаңа жыл іспеттес болды.
Сиқырға толы бұл түнде барша христиан халқы бір-бірін құттықтап, жылы сөздері мен игі тілектерін аямайды.

Рождество қалай аталып өтеді?

Православ христиандары үшін Рождество Пасхадан кейінгі екінші маңызды діни мереке болып саналады. Рождество мерекесінің алдында сочельник кезінде христиандар ауыз бекітеді, шіркеу жарғысы бойынша сочиво – қайнатылған бидай немесе күріш дәнін ғана жеуге болады. Сол себепті 6 қаңтар "рождестволық сочельник" деп аталады.
Рождество – барша христиандарға ортақ мереке. Алайда католиктер оны 25 желтоқсанда, ал православтардың басым бөлігі 7 қаңтарда тойлайды. Олай бөлінудің өзіндік себебі де жоқ емес. Католиктер мен православтар екі бөлек күнтізбені қолданған. Содан мейрамның датасы алшақтап кеткен. Осы діни мейрам әлемнің 145 елінде аталып өтеді. Діни мерекені кейбір мемлекет григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында тойласа, кейбір ел юлиан күнтізбесі бойынша атап өтеді.
Бұл күні христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларға барады, шоқынады, Рождествоны өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Ал батыста оны, көбінесе, отбасы мерекесі ретінде тойлап жатады.
Қазақстанда қаңтардың 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталады. Православ христиандары таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады. Сондай-ақ бір-біріне түрлі сыйлық жасайды, тәтті тағамдар таратады.
Қазақстанның еңбек кодексіне сәйкес, 2005 жылдан бастап православ Рождествосы мемлекетімізде демалыс күні болып жарияланды.
Жаңалықтар
0