Астанада қатты аяз болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана қаласы
Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының әкімдігі 30 градустық аязға байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, ертең 10 қаңтарда ауа температурасы 30-32 градусқа дейін төмендейді. Аяз күшейеді. Ал 11 қаңтарда аздаған қар жауады, түнде ауа температурасы 33-35, ал күндіз 25-27 градус болады.
"Алдағы күндері күн суытып, ауа температурасы 30 градустан төмен түседі. Қала тұрғындары мен қонақтары жарақат алу, үсік шалу секілді жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны және далада ұзақ уақыт болмағаны жөн", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда әкімдік демалыс күндері болған жылы ауа райынан кейін көшеде қатты көктайғақ болып тұрғанын да ескертті. Далада тайғанап құлау қаупі бар. Ал көлікпен жүргенде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау қажет.
Человек идет по заснеженной улице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Қардың орнын аяз басады: үш күнге ауа райы болжамы жасалды
Жаңалықтар
0