Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда 36-43 градусқа дейін аяз күшейеді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
Синоптиктер солтүстікте керісінше аяз әлсірейді деп болжады
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Суық арктикалық антициклон республиканың шығыс және оңтүстік облыстарына ықпал етеді. Сондықтан бұл аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады, аяз күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.
Ал республиканың солтүстігінде қар жауып, әлсіз боран соғады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ республиканың солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Елдің батысында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 7-20-дан 15-30 градусқа дейін аяз болады.
Солтүстік-батыста 13-22-ден 20-28-ге дейін суытады.
Республиканың солтүстігінде – 13-26-дан 20-35 градусқа дейін аяз.
Орталықта – 17-25-тен 30-41 градусқа дейін аяз.
Еліміздің шығысында 20-30-дан 32-43 градус дейін аяз болады.
Республиканың оңтүстік-шығысында 23-36 градусқа дейін суытады.
Жаңалықтар
0