Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 31 томдық құжат жарыққа шықты

© PhotoМемлекет басшысына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі көптомдық таныстырылды
Мемлекет басшысына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі көптомдық таныстырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылды, деп хабарлады Ақорда.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдық құжат жарыққа шықты.
Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.
Биыл да Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
Жаңалықтар
0