Саясат

Тоқаев колумбиялық мектепке тұрақты даму саласындағы жетістігі үшін сыйлық табыстады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев колумбиялық мектепке жаһандық сыйлық табыстады
Тоқаев колумбиялық мектепке жаһандық сыйлық табыстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті, деп хабарлайды Ақорда.
Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы. Бұл марапат БАӘ Тұңғыш президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен "Болашақтың энергиясы" әлемдік саммитінде тағайындалды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті
В рамках саммита Неделя устойчивого развития Абу-Даби Касым-Жомарт Токаев вручил премию Zayed Sustainability Prize школе Fundacion Bios Terrae – ICAM Ubate из Колумбии в номинации Global High Schools (регион Америка)  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті
Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі.
2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. Zayed Sustainability Prize сыйлығының жүлдесі – 3 миллион АҚШ доллары. Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен.
Айта кетері, мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу рәсіміне қатысты.
Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру.
Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Ангола президенті Жуан Лоренсу, Мысыр сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ "COP27" конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.
Жаңалықтар
0