Универсиада: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай финалда кіммен ойнайды

© Официальный сайт ХК "Барыс"Хоккейден Қазақстанның студенттер ұлттық құрамасы
Хоккейден Қазақстанның студенттер ұлттық құрамасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Универсиадада Лейк-Плэсидтегі хоккей турнирінің шешуші кезеңіне қатысушылардың барлығы белгілі болды, деп хабарлады "Барыс" хоккей клубы.
А тобында Канада 15 ұпаймен көш бастап, бес кездесуде де жеңіске жетті. Жартылай финалға екінші жолдаманы Жапония құрамасы жеңіп алды (9 ұпай).
В тобында АҚШ пен Қазақстан құрамалары 12 ұпайдан жинады. Жарыс қожайындары бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Қазақстандықтар екінші орынды иеленді.
Жартылай финалда Ғалым Мәмбеталиевтың шәкірттері Канада құрамасымен кездеседі. Финалға екінші жолдама үшін АҚШ пен Жапония бақ сынайды.
Жартылай финал матчтары қашан болады?
21 қаңтар АҚШ – Жапония – 20:35
22 қаңтар Канада – Қазақстан – 00:05 (Астана уақытымен).
Қазақстан студенттер командасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Универсиада: Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Словакияны жеңді
Жаңалықтар
0