Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыстың Украинаға танктерді жөнелтуінің қажеттілігі неден туындады

© AFP 2024 / JONATHAN NACKSTRAND M1 Abrams, чтобы принять участие в учениях
 M1 Abrams, чтобы принять участие в учениях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Жазылу
АҚШ пен Еуропа елдерінің Украинаға батыс танктерін, атап айтқанда, неміс "Леопардтарын", америкалық "Абрамстарды", британиялық "Челленджерлерді" жеткізу туралы ресми мәлімдемелерінен бірнеше сағат өткен соң Politico Киевті заманауи жойғыш ұшақтармен қамтамасыз ету мәселесі келесі қадам ретінде талқыланып жатқанын хабарлады, деп жазды РИА Новости.
Ақпарат көздері журналистерге хабарлағандай, Ресей тарапынан өткір жауапты әрекет тудырмас үшін Батыс Киевке жеткізулерді әдейі біртіндеп арттырып жатыр. Атын атамаған дипломаттардың бірі "егер батыс соғыстың бірінші кезеңінде Украинаға барлық қажетті қару-жарақты жеткізсе, онда Ресей бұған жауап қайтарар еді және ол ядролық соққы болуы да ықтимал" екенін мәлімдеді.
Бұл Батыс Ресейдің басқаруында қуатты реакция тудыруға арналған жалғыз құрал – ядролық қару ғана бар деп санайтынын білдіреді. Сондықтан Батыс стратегиясы қарсылық қарқының біртіндеп арттыруды қамтып отыр. Алайда Ресей де Батысты тығырыққа тіреу процесін сәтті жүргізіп жатыр.
Киевке танктерді жеткізу төңірегінде НАТО ішінде туындаған дау мен келіспеушіліктер жасанды емес. Себебі Батыста жағдайдың осылай өрбуі қаншалықты қауіпті екенін түсінетіндер аз емес. "Неміс танктері Украинада орыстарға қарсы соғыста қолданылады" деген мәлімдеменің өзі тарихтағы соғысты қайта еске түсіріп, украин жеріндегі қақтығыстың сипаты түбегейлі өзгергенің білдіреді.
Мақала авторы жазғандай, мәселе тек танктерде емес. Украина Батыс үшін тиімді гибридті соғыс алаңына айналуы керек еді және бастапқыда солай болды. Батыстағылар украин жеріндегі соғыста Киевтің өзінде және Шығыс Еуропада өте көп тек кеңестік әскери техника қолданылады деп жоспарлады. Сонда НАТО барлау деректерімен және заманауи байланыс құралдарымен ғана, сондай-ақ қатты қажет болған жағдайда жалдамалы жауынгерлер және белгілі бір көлемдегі қаражатпан қамтамасыз етуді көздеді. Бастапқы жоспар бойынша Украинада Мәскеу үлкен шығынға ұшырап, жеңіліс табуы керек болатын.
Алайда арнайы әскери операцияның өрбуі бұл жоспарға өзгерістер енгізді. Әскери іс-қимылдардың баяу жүруі және күздегі шабуыл кезінде Украина Қарулы күштерінің аздаған жетістігі батыстағылардың Ресейдің әскери жеңілісіне деген сенімін арттырды. Сондықтан ол бұл ойына барлық күшін жұмылдырып, қазір сол сәйкес шешімдерінің салдарын көріп отыр.
Батыс енді Украинаға толық қолдау көрсетуге мәжбүр. Себебі оның өз экономикасынан ештеңе қалмады. Ал мұндай бірнеше миллиардтаған шығын бастапқы жоспарда болмағаны және қазір өршіп жатқан экономикалық дағдарыс кезінде сезілетіні анық.
Кеңестік техника және ескі шетелдік үлгілер таусылды. Ал "Леопардтар", "Абрамстар" мен басқа да заманауи батыс техникасын жеткізу идеясы барлық жағынан тиімсіз: біріншіден, тым қымбат; екіншіден, өз резервтері босап қалып жатыр; үшіншіден, бұл техникалар ресейлік әскерге қарсы және бұл жақтағы климаттық жағдайда тиімділік көрсетуі белгісіз; төртіншіден, білікті украин экипажын даярлау үшін Украинаға өз мамандарын жіберу қажет; бесіншіден, Батыстың Ресейге қарсы "прокси"-соғысы жеңіліске ұшырайды. Бірақ бұл жеткізулерге балама табылмай отыр.
"Қазір кезекті проблеманың туындағаны байқалады: майдан даласында соғысуға қабілетті украин сарбаздары азайды. Сондықтан Украинада мобилизациялаудың тағы бір толқыны аса қатаң жүріп жатыр. Елдің мобилизациялау резерві таусылуға жақын. Сарапшылар бар болғаны 200-300 мың адамды майданға алдыра алатынын айтып жатыр", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, сондықтан жаз-күзге қарай Батыс нақты шешім қабылдап, Украинадан Ауғанстандағыдай кетіп, жеңілгенін мойындауына немесе Ресеймен соғысуға өз армиясын жөнелтуіне тура келеді. Ал өзінің жеңілгенін және Мәскеудің жеңгенін мойындау Батыс үшін үлкен апатты салдар алып келеді.
Бұл қақтығыс Ресей үшін мемлекеттігін сақтап қалудың әдісі екені бірнеше рет айтылды. Қазір батыс үшін де дәл осындай жағдай туындады. Себебі оның жеңілісі жүздеген жыл бойы бүкіл әлемде үстемдік етіп келген өз жүйесінің жойылғанын білдіреді. Сондықтан Батыс украин жерінде Ресей армиясына қарсы соғысуға дайын ба, жоқ па екенін ашық мәлімдеуі қажет болады.
Жаңалықтар
0