Денсаулық

Батыс Қазақстанда дәрігерлер инсульт алған сәбиді аман алып қалды

© Photo : PexelsНәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ақтаулық дәрігерлер туғанына 39 күн болған балаға күрделі операцияны сәтті жасап шықты, деп хабарлайды inAktau порталы.
"Оған жедел субдуральды гематома, сол жақ бас миының ісінуі, инсульт деген диагноз қойылды. Жедел операция жасау туралы шешім қабылдадық. Ота бір сағатқа созылды және сәтті өтті", - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов.
Медициналық мекеменің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сәби 2022 жылдың желтоқсанында дүниеге келген. 13 қаңтарда ол өте ауыр жағдайда интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер баланы тексергеннен кейін оған "бас миындағы қан айналымы жүйесінің бұзылуы" деген диагноз қойды.
"Нәресте дәрігерлердің бақылауында он күн жансақтау бөлімінде жатты. Бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, оған қан мен плазма енгізілді", - деп түсіндірді дәрігерлер.
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін нәрестені емдеу травматология бөлімінде жалғасты.
Дәрігерлердің айтуынша, отадан кейінгі оңалту сәтті өтіп, нәресте үйіне шығарылды.
Жаңалықтар
0