Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылық аман қалды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылықты полиция аман алып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
Кешкі сағат жетілер шамасында "102" арнасына ер адам телефон соғып, тауда жүргенде сайға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалғанын хабарлаған. Ол дереу полицейлерге өзінің орналасқан жерін жіберіп, ұялы телефонында бір пайыз қуаты қалғанын айтқан.
"Дабылды хабарға бірінші болып біздің әріптесіміз – полицей Әнуар Қашыбаев жауап берді. Бір минуттан кейін әріптесім, учаскелік аға инспектор Дархан Сары екеуміз оқиға орнына дер кезінде жеттік. Сосын сайдан іздей бастадық. Қараңғы батып кеткендіктен, дыбыс шыққан жерлерді аралай бастадық. Бір кезде сайдан көмек сұраған дауысты естідік. Дауыс шыққан маңда мопед жатыр екен. Ер адам абайсызда сайға құлап, бұрын құлаған шыршалардың бұтақтарына ілініп қалған", - дейді учаскелік инспектор Асхат Рысбеков.
Оның айтуынша, жас жігіт қатты тоңып қалған. Полицейлер жігітті жылыту үшін киімдеріне орап, арнайы құтқару құралдарының көмегімен жоғары қарай көтеріп шығарған. Жігіт ауруханаға жеткізілді.
Сайға құлаған жігіт курьер болып жұмыс істейді. Сол күні ол тауға демалуға шыққан.
Жаңалықтар
0