Қазақстандық құтқарушылар құлаған үйдің астынан тағы үш адамды шығарды – видео

© AFP 2024 / Adem Altan Түркияның Кахраманмараш қаласындағы көрініс
Түркияның Кахраманмараш қаласындағы көрініс - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісі кезінде қираған үйдің астынан үш тірі адам табылды. Оларды қазақстандық құтқарушылар шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құтқарушылар құлаған тоғыз қабатты үйдің астынан қарт адам мен екі жас жігітті алып шықты. Зардап шеккендер бірден медицина мамандарына тапсырылды.
"Жұмыс конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанына қарамастан үзіліссіз екі тәулік бойы жүргізілді. Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар мен арнайы іздеу құралдары тартылды", - дейді мамандар.
Айта кетері, Газиантеп қаласына қазақстандық құтқарушылардың екі тобы барды. Қазіргі кезде барлығы 121 маман Түркиядағы құтқару шараларына атсалысып жатыр.
Жаңалықтар
0