Сенатор ресейлік депутаттың Қазақстандағы биозертханалар туралы мәлімдемесіне жауап берді

© Photo Асқар Шәкіров
 Асқар Шәкіров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров ресейлік депутаттардың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін ресейлік депутаттар, соның ішінде Олег Матвейчев те Қазақстандағы биологиялық зертханалар туралы айтып, оны қару үшін пайдалануы мүмкін деген мәлімдеме жасаған. Сенатор Асқар Шәкіров бір ғана биологиялық зертхана бар екенін еске салды. Соның өзі мемлекеттің меншігіне жатады.
"Қазақстанда аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының орталық референттік зертханасы сияқты нысандар көп дейді. Олай емес, бұл халықаралық дәрежедегі жалғыз зертхана. Негізгі мақсаты – биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аса қауіпті инфекциялардың қаупін бағалау және алдын алу", - дейді Шәкіров.
Осы орайда сенатор зертхананың бюджеттен қаржы алатынын ерекше атап өтті. Мекеме толығымен мемлекетке қарайды. Қазақстанға ондай нысан қажет. Мұны зертхананың жұмыс нәтижесі де, халықаралық жетістіктері де анық көрсетіп отыр.
"Зертхананың негізінде COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина жасалды. Оны барлығымыз жақсы білеміз. Осылайша, Қазақстан да коронавирусқа қарсы жаһандық күреске өз үлесін қосты", - деп атап көрсетті Шәкіров.
Бүгінде Қазақстан биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы халықаралық конвенцияға толығымен қосылды. Оған мүше барлық мемлекет жыл сайын есеп тапсырып отырады. Барлық ақпарат ашық, оны кез келген уақытта ашып қарауға болады.
"Қазақстан мен Ресей осы конвенция аясында конструктивті түрде өзара әрекет жасап келеді. Осы орайда тағы бір маңызды мәселені атап өткен жөн. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық агенттікті құру бастамасын іске асыруға күш салып келеді. Агенттіктің негізгі мақсаты – биологиялық зерттеулердің әскери мақсатты пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ, бейбіт биологиялық зерттеулерге жәрдемдесу", - деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, ресейлік депутаттардың мәлімдемесі Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасты дамыту бағытына сай келмейді.
"Құдайға шүкір, бүгінде екі елдің өзара іс-қимыл жасаудың тиімді арналары бар. Сол арқылы барлық мәселені тыныш қана және конструктивті түрде талқылауға болады. Мәселен, парламентаралық алаң бар. Атап айтқанда, Қазақстанның парламент сенаты мен Ресейдік Федералдық жиналыс пен Федерация кеңес арасындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты комиссия бар. Осы форматтағы отырыстар жиі өтіп тұрады. Сол кезде өзекті деген мәселелер талқыға салынады. Соның ішінед екі ел арасындағы келісімді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету де бар. Соңғы отырыс екі ай бұрын ғана өткен. Ал биологиялық зертханалар мәселесі, жаңағыдай тұрғыда талғыланған жоқ, күн тәртібіне енгізілген де жоқ", - дейді Шәкіров.
Жаңалықтар
0