Павлодарда трамвай рельстен шығып кетті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуТрамвай, архивтегі фото
Трамвай, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2023
Жазылу
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Павлодарда трамвай рельстен шығып кетіп, бағдаршамды зақымдады.
Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны бөлісті. Бұл жағдай 25 ақпан күні таңертең болған. Кадрдан көрініп тұрғандай, көлік рельстен шығып, бағдаршамды зақымдаған.
Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір оқиға орнында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
"Сағат 12.20-да Олжабай батыр – Торайғыров көшелерінің қиылысында 95-ші вагон рельстен шығып кетті. Тұралау уақыты 10 минутты құрады. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екені айтылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған факті бойынша ешкім шағымданбаған.
Павлодарда ерекше трамвай жолға шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2023
Өңірлер
Павлодарда ерекше трамвай жолға шықты
Жаңалықтар
0