Спорт

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

© Photo : Оlympic.kzНариман Құрбанов
Нариман Құрбанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің финалдық сайыстары өтті.
Нариман Құрбанов ат снарядында 14.800 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола медалін жеңіп алды.
Мықтылар көшін 14.866 ұпаймен өзбекстандық гимнаст бастады. Ал екінші орынға 14.833 көрсеткішпен Армения спортшысы жайғасты, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясы.
Айта кетері, финалдық сайыстар 25-26 ақпан күндері өтеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Спорт
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 12 медаль түсті
Жаңалықтар
0