Оқиға

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

© Photo : Telegram/@Polisia.kzАтырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Атырау облысының Ақтөбе – Атырау -Астрахань тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 28 ақпан сағат 07:55 шамасында болған. Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие болаалмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Ол жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.
Жаңалықтар
0