Әлем

Грекияда екі пойыз соқтығысып, 26 адам көз жұмды

© Photo : https://t.me/ru2ch_newsГрекияда екі пойыз соқтығысты
Грекияда екі пойыз соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Грекияда жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысып, 16 адам қаза болды, кемінде 85 адам жараланған. Жолаушыларды құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости елдің өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.
Пойыздар Лариса қаласына жақын Темпи қалашығында соқтығысқан. Төтенше жағдай түн ортасында Афиныдан солтүстік-батысқа қарай 200 шақырымнан астам жердегі Эвангелизмос станциясында болды.
Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Соқтығыс салдарынан өрт болып, үш вагон рельстен шығып кетті.
"Адамдарды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 26 адам көз жұмды, жараланған 85 адам ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді Грекия өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Василис Вартакояннис.
Бұған дейін апаттан 16 адам қаза болғаны хабарланған еді.
Вартакояннистің айтуынша, ТЖ орнына 40 өрт сөндіруші мен 17 машина, сондай-ақ 30 жедел жәрдем автокөлігі жіберілді.
Жергілікті телеарна пойызда 350 адам болғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Афины – Салоники жолаушылар пойызы 19:22-де рейске шыққан.
Hellenic Train компаниясының сайты сейсенбі күні пойыздар уақытынан кешігіп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Афины – Салоники пойызы 48 минутқа кідіріп жолға шыққан. Ал Салоникидан Афиныға баратын пойыз 70 минутқа кешіккен.
Жаңалықтар
0