Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

© Photo : Пресс-служба Минкультуры КазахстанаҚазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті.
Тараптар мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Ольга Любимова алдағы уақытта ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті, деп хабарлады Қазақстанның мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
"Біз сіздердің жас таланттарыңызды С.В.Рахманинов атындағы жас пианистер байқауында, сондай-ақ екінші халықаралық Балалар мәдени форумында күтеміз", - деді Ольга Любимова.
Ольга Любимова өзінің телеграм-арнасында Қазақстан мәдениет министрімен кездесуде жобалардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар талқыланғанын хабарлады. Любимованың айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы бірлескен түрлі іс-шарасы өткен.
"2022 жылы бірқатар бірлескен мәдени іс-шара өтті: театр фестивальдері, театр гастрольдері, Ресей киносының күндері, музей сессиялары, Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері. Мәдени диалогты дамыту екі ел арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Осы жылдың ақпан айында Қазақстанда Қысқы ГИТИС мектебі өтті", - деді ол.
Министрдің айтуынша, Ресейдің шығармашылық оқу орындарында қазақстандық 600 студент білім алып жатыр.
"Біз шығармашылық білім беруге ерекше көңіл бөлеміз. Біздің университеттерде 600 қазақстандық бала оқиды", - деді Любимова.
2023 жылы әртүрлі мәдени іс-шаралар аясында ынтымақтастық жалғасады деп күтілуде.
"Биыл ресейлік продюсерлер 5 фильм әкеледі, оның ішінде Ресей мен Қазақстандағы әріптестеріміздің бірлескен "Жақында жаз бітеді" фильмі бар. Сонымен қатар Чайковский мен Рахманинов байқауына қатысушылардың арасынан қазақтың дарынды музыканттарды, сондай-ақ Мәскеуде өтетін екінші Балалар мәдени форумында мәдениет пен өнер саласындағы ерекше қабілетті балаларды көреміз деп үміттенеміз", - деді Мәдениет министрі.
Жаңалықтар
0