Өңірлер

Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

© Photo : Pixabay / PexelsАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол".
6 наурыз сағат 07:10-дағы жағдай бойынша, екі облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тас жолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында;
Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында.
Синоптиктердің болжамынша, 6 наурыз күні республика аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның әсерінде болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді, орталықта бұрқасын болады деп болжанып отыр.
Жаңалықтар
0