Қоғам

Қазақстандықтар сайлау күні жеке куәлігін ұялы телефоннан көрсете алады

© АО "Национальные информационные технологииЦифрлық жеке куәлік
Цифрлық жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар 19 наурыз күні мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында цифрлық құжатпен дауыс бере алады.
Сайлаушылар сайлау учаскелерінде цифрлық құжатын көрсете алады, деп хабарлайды Электронды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Цифрлық құжаттар – түпнұсқа құжаттың аналогы. Азаматтар eGov Mobile қосымшасы арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың электронды нұсқасын қолдана алады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ цифрлық құжат kaspi.kz және halykbank.kz банктерінің мобильді қосымшаларында қолжетімді.
19 наурыз, жексенбі күні мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлауда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады:
Amanat партиясы
"Ауыл" партиясы
Respublika партиясы
Қазақстан халық партиясы
"Байтақ" жасылдар партиясы
"Ақ жол" партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Осы жолғы мәжіліс және мәслихат сайлауына 5 түрлі бюллетень әзірленеді. Олардың екеуі – мәжіліс, қалған үшеуі – мәслихат депутаттарын сайлауға арналған.
Сайлау бюллетеньдері бес түрлі түсте дайындалады. Толығырақ мына жерде.
Жаңалықтар
0