Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды

© Sputnik / СтрингерРемонт труб в Темиртау
Ремонт труб в Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Теміртау қаласында монополистер халықтан ақша жинаса да, коммуналдық желіде болған ақаулықтар үшін қайта есептеуді жүргізбеген. Прокурорлар 120 мың адамның ақшасын қайтарып беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Мамандар 2022-2023 жылдары аралығында халықты жылумен жабдықтау саласына талдау жасап шықты. Былтырдан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген.
"Бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына соқтырған. Тиісінше, мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған", - дейді прокурорлар.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылуды пайдаланғаны үшін 120 мың тұрғынның (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) шығындарын қайта есептеуге міндеттелді. Осылайша, халық коммуналдық қызметтерді тағы 300 млн теңгеге пайдалана алады.
Жаңалықтар
0