Смайылов қазақ-қытай шекарасы арқылы көлік өткізу жылдамдығын арттыруды тапсырды

© PhotoҮкіметте "Қазпошта" акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды
Үкіметте Қазпошта акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Қазпошта" АҚ қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық бақылау-өткізу пункті арқылы жүк көліктерін өткізу бойынша кедергілерді жою мәселесі қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Әсел Жанасова
Әсел Жанасова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Әсел Жанасова
Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде "Қазпошта" желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
© PhotoҮкіметте "Қазпошта" акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды
Үкіметте Қазпошта акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Үкіметте "Қазпошта" акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды
Премьер-министрге бүгінгі таңда рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне ҚР-дан ҚХР-ға екі есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға арттыру мүмкін болғаны баяндалды. Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.
Жаңалықтар
0