Қоғам

Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
"Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі", - деді ол.
Президент ата-бабамыз Рамазанды "он екі айдың сұлтаны деп ардақтағанын жазды. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткенін айтты.
"Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін! Ораза қабыл болсын", - деді ол.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Қоғам
Қасиетті Рамазан айы басталды
Жаңалықтар
0