Спорт

Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 млн теңгеден берді

© Photo : Казахстанская федерация теннисаРыбакина жас теннисшілермен
Рыбакина жас теннисшілермен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Елена Рыбакина Қазақстанның жас теннисшілеріне қаржылай қолдау көрсетті.
2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді.
"Ал жуырда Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қазақстандық теннисшілердің болашақта өзі сияқты топ-ойыншы болуы үшін қарқынды дамуына қаржы бөлді. Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдады. 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды. Олар: Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Әмина Нұрмахан, Ариана Гогулина, Сәтима Төреген, Ева Корышева, Альбина Кәкенова, Асылжан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нұпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева, Зара Дәркен", - делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.
Қазақстандық және халықаралық ареналарда жеңіске жете бастаған қыздардың әрқайсысы өзінің теннистегі тарихын айтып, Еленаға хат жазған болатын.
"Жас ойыншылар үшін турнир ұйымдастыру немесе грант бөлу дұрыс бола ма деп ойлаймын, өйткені өзім де кезінде Қазақстаннан үлкен қолдау таптым. Енді жас ұрпақтың дамуына менің көмек көрсететін кезегім келді", - деп уәде беріп еді Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейін және енді сол уәдесін орындады.
Айта кетері, таяуда Рыбакина Астанада қаңғыбас жануарларды құтқарумен айналысатын "СтопОтлов" еріктілер қозғалысына қаржы аударды.
Жаңалықтар
0