Беларусьте ресейлік ядролық қаруды орналастырудың ерекшеліктері

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуПуск крылатой ракеты оперативно-тактического ракетного комплекса "Искандер"
Пуск крылатой ракеты оперативно-тактического ракетного комплекса Искандер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Жазылу
Беларусь Республикасының аумағында ресейлік ядролық қаруды орналастыру Батыстың агрессивті саясатына қатысты Одақтас мемлекеттің ұстамды жауабы болып табылады. Шығыс Еуропада Вашингтонға бағынатын НАТО әскери блогының географиялық және функционалдық кеңеюі альянс пен АҚШ-тың өзіне төнген қауіпке айналады. Егер Вашингтон көпполярлы әлемнің шынайылығын, тең және бөлінбейтін қауіпсіздік алгоритмдерін жоққа шығаруды жалғастыра берсе, Ресейдің ядролық қаруы қолданысқа енгізілуі мүмкін, деп жазды ресейлік әксери шолушы Александр Хроленко.
Беларусь тарапының бастамасымен Минск пен Мәскеу Беларусь Республикасының аумағында ресейлік ядролық қаруды орналастыру туралы келісті. 25 наурызда Ресей президенті Владимир Путин былай деп мәлімдеді: "3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз".
Тасымалдаушылар туралы сөз қозғаған Путин Ресейдің Беларуське "Искандер" зымыран кешенін тапсырғанын және ұшақтарды қайта жабдықтауға көмектескенін айтты. Ұлыбританияның Украинаға азайтылған уран бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы жақындағы мәлімдемесі Ресей-Беларусь жобасының жүзеге асуын жеделдетті.
"Одақтас мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудың бұл әрекеті Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының халықаралық міндеттемелерін бұзбайды. Бүгінде Мәскеу мен Минск Вашингтон мен еуропалық одақтастардың ондаған жылдар бойы істеп келе жатқан ісін жасап жатыр. Пентагон НАТО көпұлтты әскери-әуе күштерінің қатысуымен Ресейге ықтимал шабуыл жасау үшін Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды және Түркиядағы әуе базаларында жүздеген B61 термоядролық бомбаларын сақтап отыр", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, тату емес көршілес елдердің бірімен әскери қақтығыс болған жағдайда, Беларусь өзін-өзі қорғаудың өте тиімді құралын алды. Себебі беларусь ұшқыштары мен зымыраншылары ресейлік әріптестермен нысаналарды келіскеннен кейін қарсы тарапқа тактикалық ядролық қаруды қолдана алады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріндегі "Искандер" гипердыбыстық зымырандарының 500 километрге дейінгі қашықтығы беларусь мамандарына Украинаны айтпағанда, Польша, Словакия, Литва, Латвия, Эстонияның бүкіл аумағын бақылаауда ұстауға мүмкіндік береді.
АҚШ бұған дейін әлемді Украинадағы саясаты ядролық соғыс ықтималдығын арттырмайтынына сендіруге тырысты. Бірақ Минск пен Мәскеу әрекеті басқа ахуалды көрсетіп тұр. Батыс Одақтас мемлекеттің ядролық нығаюына алаңдаушылық танытып, жағдайдың барған сайын ушығып жатқанын түсінеді. АҚШ "бұл нығаюдың салдарын бақылауда ұстайтынын" айтты.
НАТО Путиннің мәлімдемесін "жауапсыздық" деп атады, ал Еуроодақ жаңа санкциялармен қорқытты. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп отандастарын жай ғана "дұға етуге" шақырды. Расында да, егер Ресей америкалық тәжірибені кеңейтіп, планетаның көп елі Ресей Федерациясының тактикалық ядролық қаруы арқылы өздерінің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға кіріссе, бұл америкалықтар үшін жақсылық әкелмейді.
Беларусь пен Ресей арасындағы ядролық ынтымақтастық туралы 2022 жылдың маусымында Владимир Путин Беларуське "Искандер-М" зымырандарының тасымалдануы туралы жариялаған кезде мәлімдеп, Беларусь әскери-әуе күштерінің ядролық оқтұмсықтар тасымалдауға қабілетті Су-25 ұшағын модернизациялау мүмкіндігін айтқан болатын. Ресей президенті Беларусь бұл ұшақтар алдағы бірнеше ай ішінде қалыпты және ядролық нұсқада да қолдануға болатын баллистикалық және қанатты зымырандармен бірге жеткізілетінін хабарлады.
"Сол кезде Еуропада көбісі АҚШ пен НАТО-ның шешуші ұстанымы Беларусь аумағында ядролық қарудың пайда болуына жол бермейді деп сенді. Бірақ Вашингтон мен Брюссельдің пікірі Минск пен Мәскеудің шешіміне әсер еткен жоқ. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко 2022 жылдың тамызында бәрі дайын екенін мәлімдеді. Беларусьтің Су-24М әскери бомбалаушы ұшақтары бірінші болып ядролық қаруды алып жүру мүмкіндігіне ие болды", - деп жазды әскери шолушы өз материалында.
Су-24М ұшағының күндіз-түні өте төмен биіктікте ұшу мүмкіндігі бомбалаушыны ұшақты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне көрінбейтін етеді және тактикалық ядролық қаруды нысанаға жеткізуге кепілдік береді. Су-24М 8 тоннаға дейін пайдалы жүкті көтеруге және 1500 килограмм калибрлі төрт басқарылатын жоспарлаушы бомбаны алып жүруге қабілетті. Жер бетіндегі жылдамдығы 1400 км/сағ, биіктікте 2320 км/сағ құрайды. Жауынгерлік радиусы 1300 километрге дейін жетеді.
Америкалық Military Watch басылымы Беларусь әскери-әуе күштеріндегі 30 дана Су-24М ұшағы бар екенін анықтады. Бұл Ресей жолдауы мүмкін жүздеген ұшақ түрлерінен есепке алмағандағы көрсеткіш. Беларусь әскери-әуе күштерінің жаңа Су-30СМ ауыр жойғыш ұшақтарына ядролық қаруды біріктіру мүмкіндігі бар.
Минск ресейлік "Искандермен" бірге Мәскеудің қолдауымен жедел-тактикалық зымыран кешенінің беларусь модификациясын дайындап жатыр. "Искандердің" дәлдігі жоғары гипердыбыстық зымырандары 8 Мах-тан асатын жоғары жылдамдықпен ұшады. Ядролық емес мемлекеттер Бельгия, Германия, Италия, Нидерланды және Түркия сияқты Беларусьтің де тактикалық термоядролық қаруды орналастыруға және қолдануға құқығы бар.
Киевтің режимі 26 наурызда Ресейдің ядролық нығаюына қарсы тұру үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуді талап етті. Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Мәскеудің Ресей өзінің және одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды қабылдау құқығы бар еске салды.
"Беларусь сыртқы істер министрлігі Ресеймен әскери ынтымақтастық заңды екенін айтты. Беларусь Республикасы НАТО-ның көрші елдердегі әлеуетін арттыруға қатысты шаралар қабылдауға мәжбүр. Арнайы оқ-дәрілері бар ұшақтарды басқару бойынша беларусь ұшқыштарын даярлау, Беларусь аумағында ядролық оқтұмсықтарды орналастыру халықаралық құқыққа қайшы келмейді", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0