Оңтүстік Кореяда жасырынып жүрген қазақстандық үшін ірі сыйақы тағайындалды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСеул на закате
Сеул на закате - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Кореяда депортациядан қашып кеткен қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевқа іздеу жарияланды. Ол туралы ақпарат берген адамға ірі көлемде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Korea Komek паблигінде жариялған ақпаратқа сәйкес, 18 жастағы Нұрсұлтан Ырысбаев әуежайдан қашып кеткеннен кейін көлікке мініп кеткен. Оған жерлестері көмектесуі мүмкін. Түркістан қаласының тумасы Инсан қаласында жасырып жүр деген мәлімет бар.
Қазіргі кезде Кореяның барлық жолдарында күшейтілген рейдтер басталды. Ырысбаевты табуға көмек берген адамға 30 миллион вон (10 миллионнан астам теңге) ақшалай сыйақы беріледі.
"Көмек берген адам заңсыз мигрант болса, оған Кореяның өзінде виза жасап береміз. Ақпарат берген адам құпия күйінде қалады", - делінген хабарламада.
Жергілікті полиция Нұрсұлтанды өз еркімен берілуін, олай жасамаған жағдайда басқа қазақстандық азаматтарға және заңсыз мигранттарға қысым көрсетілетінін хабарлады. Ал Кореяға жаңадан келетіндер үшін елге кіру тәртібі күшейтіледі.
Блогер Самат Ахметжановтың айтуынша, Нұрсұлтанға көмектескен адамдар өз еркімен байланысқа шықпаса, айыппұл арқалайды. Оған қоса, Кореядан депортацияланады.
"Ұсталған екінші жігіт - Үмітжан сотталмайды. Бір аптаның ішінде елге қайтады. Біздің негізгі мақсатымыз – Кореяның түрмесін қазақстандықтармен толтырмау", - деді Ахметжанов.
Айта кетері, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазасқтан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Біреуі ұсталды. Ал екіншісі қашып кетті.
Екеуі Ташкент жақтан ұшып келді. Бірақ әуежайдағы кедендік бақылау оларды өткізген жоқ.
Жаңалықтар
0