Бетон араластыратын машина ер адамның қолын жұлып алды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында бетон араластыратын машина құрылысшының қолын жұлып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Полиция басқармасына ауруханаға ер адамның түскені туралы хабар түскен. Диагнозы - "оң жақтағы білектің үштен бір бөлігінің травматикалық ампутациясы, оң жақтағы иықтың жабық сынуы".
"Жазатайым оқиға ағымдағы жылдың 28 наурызында жұмыс орнында болғаны алдын ала анықталды. Құрылыс жұмыстары кезінде ер адамның қолы бетон араластырғыш арасында қалып қойған", - дейді полицейлер.
Қолынан айырылған ер адам Щучинск қаласының 49 жастағы тұрғыны. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріске кірісті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
0