Елде өсімдік майы өндірісі артып келеді

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуПодсолнечное масло, рекадр
Подсолнечное масло, рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Жазылу
Дегенмен, сектордағы баға да өсуде: бір жылда өсімдік майы шамамен 18% қымбаттады
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Биыл қаңтар-ақпан айларында елде 111,8 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 31%-ке артық, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Бұл ретте тазартылған май өндірісі бір жылда 25,3 мың тоннаға дейін төмендесе, тазартылмаған май өндірісі, керісінше, 40,2% болып, 86,4 мың тоннаға дейін өсті.
Өңірлер бойынша ең көп өсімдік майы Шығыс Қазақстан облысында өндірілді: 11,6 мың тонна тазартылған және 30,4 мың тонна тазартылмаған.
Тазартылған май өндірісінен Алматы екінші орында (6,8 мың тонна), үшінші орында — Шымкент (5,7 мың тонна). Тазартылмаған май өндірісінен екінші орында Абай облысы (20,3 мың тонна), үшінші орында — Алматы (12,2 мың тонна).
Елдегі өсімдік майы өндірісінің 77%-ы күнбағыс майына тиесілі. Тазартылмаған күнбағыс майы 68,5 мың тонна өндірілді, бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе көп, тазартылған — 17,6 мың тонна, 45,9% азайған.
Жаңалықтар
0