Түрмеде жатып, 25 млн теңге ұрлаған: Алматы облысында интернет-алаяқтық анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Алматы облысының прокуратурасы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адамның екі жарым жыл интернет-алаяқтық жасаумен айналысқанын анықтады.
Ол 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін ұялы телефондар мен түрлі сим-карталарды пайдалану арқылы 25 миллион теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.
Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталған азаматтан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді. Ол WhatsApp арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.
Қазіргі уақытта сотталған жасаған басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау үшін бүкіл ел бойынша деректер базасына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Сонымен қатар түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері Қылмыстық кодекстің 370-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.
Жаңалықтар
0